2014 жылғы 30 желтоқсан Астана қаласы
«Автомобильді монтаждау және сынау» кәсіби стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған «Автомобильді монтаждау және сынау» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ә. ИСЕКЕШЕВ.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы «6» наурыз
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы «30» желтоқсандағы № 340 бұйрығымен бекітілген
«Автомобильді монтаждау және сынау» кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Автомобильді монтаждау және сынау» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен түлектерін сертификаттауға, персоналды басқару саласындағы кең шеңбердегі міндеттерді шешуге арналған.
2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;
2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты болмау, жауапкершілік және дербестік параметрлері бойынша сараланатын жұмыскердің даярлық деңгейі мен құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы.
3) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жинағы;
4) кәсіби кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің тұтас жинағынан қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы;
5) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
6) кәсіби топ – жалпы ықпалдасқан негізі (ұқсас және мақсаттылығы жақын объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функциялары мен құзыреттерінің ұқсас жинағын болжайтын кәсіби кіші топтар жиынтығы;
7) кәсіп – арнайы даярлық нәтижесінде алынған және білімі туралы тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімдерді, біліктерді және практикалық дағдыларды білуді талап ететін адамның еңбек қызметі кәсібінің негізгі түрі;
8) кәсіптер сыныптауышы – атауларын бірыңғайландыруға қол жеткізуге және еңбек нарығының жай-күйі бойынша деректерді статистикалық есепке алуды, салыстыруды және талдауды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қызметтердің (кәсіптердің) жүйелендірілген тізбесі;
9) негізгі топ – шығарылатын өнімнің, өндіріс технологиясының, негізгі қорлардың және жұмыс істейтіндердің кәсіби дағдыларының ортақтығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;
10) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
3. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:
1) СБШ – салалық біліктілік шеңбері;
2) БА – басшылардың, мамандардың және басқа қызметшілердің лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;
3) БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
4) КС – кәсіби стандарт.
2. КС паспорты
4. КС атауы: «Автомобильді монтаждау және сынау».
5. КС әзірлеудің мақсаты: кәсіби қызметтің мазмұны мен сапасына, машина жасаудағы монтаждау мен автомобильді сынау саласындағы мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын айқындауға қойылатын бірыңғай талаптарды біріздендіру, белгілеу және қолдау.
6. КС қысқаша сипаттамасы: агрегаттарды монтаждауды, автомобильді құрастыру мен сынауды қамтамасыз ету.
7. Негізгі топ: машина жасау.
8. Кәсіптер сыныптауышы бойынша кәсіби топ: машина жасаудағы монтаждау және автомобильді сынау.
3. Кәсіптердің карточкалары
9. Кәсіптердің тізбесі:
1) жүргізуші-сынаушы, СБШ бойынша 3-4-біліктілік деңгейлері;
2) тіс кескіш және тіс жонғылағыш станоктарды баптаушы, СБШ бойынша 3-4-біліктілік деңгейлері;
3) металл жабыны мен бояу жабдығын баптаушы, СБШ бойынша 3-4-біліктілік деңгейлері;
4) слесарь-электрмонтаждаушы, СБШ бойынша 3-біліктілік деңгейі;
5) шанақтарды түзетуші, СБШ бойынша 3-біліктілік деңгейі;
6) диагност-электрмеханигі, СБШ бойынша 3-біліктілік деңгейі;
7) автомобильдерді құрастыру процесінің технологі, СБШ бойынша 3-біліктілік деңгейі;
8) мехатроник, СБШ бойынша 3-біліктілік деңгейі;
9) баптау және сынау технигі, СБШ бойынша 5-біліктілік деңгейі;
10) техник-механик, СБШ бойынша 5-біліктілік деңгейі;
11) инженер-технолог, СБШ бойынша 5-біліктілік деңгейі;
12) инженер, СБШ бойынша 5-біліктілік деңгейі.
10. Кәсіптердің карточкалары осы КС-ге қосымшада келтіріледі.
«Автомобильді монтаждау және сынау» кәсіби стандартына қосымша
«Жүргізуші-сынаушы» кәсібінің карточкасы
Кәсіптің коды 8322
Кәсіптің атауы Жүргізуші-сынаушы
СБШ бойынша біліктілік деңгейі 3-4
БТБА бойынша біліктілік деңгейі 2-6
Кәсіби білім деңгейі СБШ 3-деңгейі СБШ 4-деңгейі
Негізгі орта білімі немесе практикалық тәжірибесі жоқ жалпы орта білімі базасында жалпы орта немесе техникалық және кәсіби білімі болуы кезінде практикалық тәжірибесі және/немесе кәсіби даярлығы (бір жылға дейінгі кәсіби даярлық бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарының базасында курстар немесе кәсіпорында оқыту). Жоғары деңгейлі техникалық және кәсіби білімі (қосымша кәсіби даярлық), практикалық тәжірибе.
Еңбек функциялары 1) Бекітілген бағдарламалар бойынша сынақтарды жүргізу.
2) Сыналатын агрегаттарды, тораптарды және аспаптарды бөлшектеу, құрастыру және реттеу.
3) Автомобильдерді технологиялық жүргізіп сынау.
Білігі мен дағдылары СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 3 (біліктілік разряды: 2-4) СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4 (біліктілік разряды: 5-6)
1-еңбек функциясы. Бекітілген бағдарламалар бойынша сынақтарды жүргізу
1. Автомобильдерді бас конвейерден стенділік сынау учаскелеріне, жинақтау алаңдарына, қозғалмалы теміржол құрамына және арнайы автокөлікке тиеу орнына дейін жеткізуге дайындау және жеткізу.
2. Үлгілік әдістеме бойынша сынақтың жекелеген түрлерін жүргізу.
3. Жүріп байқау және олардың ақаулары мен кон-струкциялық кемшіліктерін анықтау дағдылары.
4. Жиынтықтың ақауларын жою білігі.
5. Үлгілік практикалық міндеттерді шешу; білімінің және практикалық тәжірибесінің негізінде іс-қимыл тәсілін таңдау.
6. Күрделі жағдайларда шешім қабылдау білігі. 1. Бекітілген бағдарлама бойынша түрлі жол және ауа райы жағдйында сынақ жүргізу білігі.
2. Техникалық және нормативтік құжаттамамен жұмыс істеу білігі.
3. Қажетті электрондық аспаптарды пайдалану дағдылары.
Білімі 1. Қызмет көрсетілетін автомобильдердің жұмыс істеу қағидаты.
2. Сынақтардың жекелеген түрлері бойынша үлгілік әдістемелер.
3. Автомобильдерді қозғалмалы теміржол құрамына және арнайы автокөлікке жүргізіп тиеу қағидалары мен олардың орналасу схемалары. 1. Сынақтарды жүргізу әдістемесі мен бағдарламасы.
2. Сынақтарды жүргізу барысындағы экстремалды жағдайлардағы жүріс-тұрыс қағидалары.
3. Тиеу алаңында көлік құралдарының күрделі маневрлеу, оларды кейіннен вагондардың екі қабатты құрылғысына жеткізіп, бекіту орнына орната отырып, жылжымалы тиегіш платформаның бұрма құрылғысына орнату қағидалары.
Білігі мен дағдылары 2-еңбек функциясы. Сыналатын агрегаттарды және тораптарды бөлшектеу, құрастыру және реттеу
1. Автомобильдердің техникалық жарамдылығын көзбен тексеру дағдырлары.
2. Автомобиль жинақтамасының ақауларын жою дағдылары. 1. Сыналатын күрделі тораптар мен агрегаттарды бөлшектеу, құрастыру және реттеу дағдылары.
2. Анықталған ақауларды жою білігі.
3. Бақылау-өлшеу аппаратурасының және сынақ жүргізетін аспаптар мен стенділерді қолдану дағдылары.
Білімі 1. Күрделілігі орташа тораптардың, агрегаттардың және аспаптардың қолданылу мақсаты, құрылысы және жұмыс істеу қағидаттары.
2. Автомобильдерді қабылдау және сақтау қағида-лары мен нұсқаулықтары.
3. Автомобильдерді жинақтаушы алаңдарға және тиеу орындарына орналастыру схемасы.
4. Электр жабдығының монтаждау схемалары. 1. Күрделі агрегаттардың, тораптар мен аспап-тардың, арнайы бақылау-өлшеу аппаратурасының және сынау жабдықтарының қолданылу мақсаты, құрылысы және жұмыс істеу қағидаттары.
2. Дайындау технологиялары.
3. Монтаждау схемалары.
4. Сынау барысында пайда болатын ақаулардың туындау себептері, оларды жою тәсілдері.
Білігі мен дағдылары 3-еңбек функциясы. Автомобильдерді технологиялық жүргізіп сынау
1. Түрлі көлік құралдарына технологиялық жүргізіп сынау жүргізу білігі.
2. Далалық жағдайда сынақ жүргізу дағдылары.
3. Түрлі жол және күрделі ауа райы жағдайында жүргізіп сынау мен кешенді сынақ жүргізу білігі.
Білімі 1. Автомобильдерді жинау сапасына және оларды пайдалануға беруге қойылатын техникалық шарттар мен талаптар.
2. Сынақтарды жүргізу әдістемесі мен бағдарламасы.
3. Сынақтарды жүргізу барысындағы экстремалды жағдайлардағы жүріс-тұрыс қағидалары.
Жеке құзыретіне қойылатын талаптар Орындаушылық.
Жауапкершілік.
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы
«Тіс кескіш және тіс жонғылағыш станоктарды баптаушы» кәсібінің карточкасы
Кәсіптің коды 7222
Кәсіптің атауы Тіс кескіш және тіс жонғылағыш станоктарды баптаушы
СБШ бойынша біліктілік деңгейі 3-4
БТБА бойынша біліктілік деңгейі 4-6
Кәсіби білім деңгейі СБШ 3-деңгейі СБШ 4-деңгейі
Негізгі орта білімі немесе практикалық тәжірибесі жоқ жалпы орта білімі базасында жалпы орта немесе техникалық және кәсіби білімі болуы кезінде практикалық тәжірибесі және/немесе кәсіби даярлығы (бір жылға дейінгі кәсіби даярлық бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарының базасында курстар немесе кәсіпорында оқыту). Жоғары деңгейлі техникалық және кәсіби білімі (қосымша кәсіби даярлық), практикалық тәжірибе.
Еңбек функциялары 1) Түрлі үлгілегі станоктарды жөндеу және баптау.
2) Бақылау-өлшеу аспаптары мен құрал-саймандарын қолдана отырып, оларды әртүрлі жазықтықтағы станокта аудара отырып, керек-жарақтарды, кескіш құрал-саймандарды орнату.
3) Баптағаннан кейін сынамалық бөлшектерді өңдеу.
Білігі мен дағдылары
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 3 (біліктілік разряды: 4-5) СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4 (біліктілік разряды: 6)
1-еңбек функциясы. Түрлі үлгілегі станоктарды жөндеу және баптау
1. Кинематикалық схемаларды оқу дағдылары.
2. 7-9-дәлдік дәрежесіндегі жұмыстарды орындау үшін ауыспалы жетектерді іріктей және орната отырып, тіс кескіш, бұранда жонғылағыш, тіс сүргілегіш, тіс қашуғыш станоктарды баптау бойынша операцияларды орындау білігі.
3. Анықталған ақауларды жою білігі. 1. 4-6 дәлдік дәрежесін сақтай отырып жұмыс істеу үшін ауыспалы жетектерді іріктей және орната отырып, аса күрделі, бірегей тіс жонғылағыш, тіс қашуғыш, тіс тегістегіш және тіс сүргілегіш станоктарды баптау бойынша операцияларды орындау білігі.
2. Тіс кескіш және бұранда жоңғылағыш станоктарды баптау мен байланысты есептеулерді орынду білігі.
3. Жабдықтың бөлшектерін өңдеудің технологиялық кезектілігін және жұмыс істеу режимін айқындау дағдылары.
Білімі 1. Қызмет көрсетілетін бұранда жонғылағыш, оймакілтек жонғылағыш, тіс жонғылағыш, тіс сүргілегіш және тіс қашуғыш, тіс тегістегіш станоктардың кинематикалық схемалары мен құрылысын және оларды дәлдікке тексеру қағидалары.
2. Жетектерді іріктеу қағидалары; шектеулер мен қондырмалардың жүйелері, дәлдік дәрежелері; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлері. 1. Бірегей тіс кескіш станоктардың конструкциясы және дәлдікке тексеру қағидалары.
2. Металл кесу теориясының негіздері.
3. Тригонометриялық функциялар мен тістік іліністердің түрлері.
4. Жетектерді есептеу қағидалары.
Білігі мен дағдылары 2-еңбек функциясы. Бақылау-өлшеу аспаптары мен құрал-саймандарын қолдана отырып, оларды әртүрлі жазықтықтағы станокта аудара отырып, керек-жарақтарды, кескіш құрал-саймандарды орнату
1. Сыналатын күрделі тораптар мен агрегаттарды бөлшектеуді, құрастыруды және реттеуді жүзеге асыру дағдылары.
2. Бақылау-өлшеу аспаптары мен құрал-сайман-дарын қолданумен жұмыс істеу дағдылары.
3. Табылған ақауларды жою білігі. 1. Бақылау-өлшеу аспаптарын қолдана отырып, оларды әртүрлі жазықтықтағы станокта нақты аудара отырып, аралас бекітуді және арнайы күрделі керек-жарақтарды талап ететін бөлшектерді орнату дағдылары.
Білімі 1. Әмбебап және арнайы керек-жарақтардың, жарақтың конструкциялық ерекшеліктері.
2. Кесу құрал-сайманның құрылысы және оны қайрау мен орнату қағидалары. 1. Бақылау-өлшеу құрал-саймандары мен аспаптарын баптау және ретке келтіру қағидалары.
2. Кесу құрал-сайманның геометриясы; әмбебап және арнайы керек-жарақтарды, бақылау-өлшеу құрал-саймандары мен аспаптарының құрылысы мен қолданылу қағидалары.
Білігі мен дағдылары 3-еңбек функциясы. Баптағаннан кейін сынамалық бөлшектерді өңдеу
1. Жалпы слесарлық, тіс кесу, бұранда жоңғылау, тіс қашау жұмыстарын орындау бойынша дағдылары.
2. Сынама бөлшектерді өңдеу процесінде станокты баптау және реттеу дағдылары. 1. Станок жұмысының нәтижелері бойынша кесу режимдерін түзеу қажеттілігін анықтау білігі.
Білімі 1. Жабдықтың бөлшектерін өңдеудің технологиялық бірізділігін және жұмыс істеу режимдері.
2. Орындалатын жұмыс шегінде металл технологиясының негіздері, металдардың механикалық қасиеттері.
3. Кесу құрал-сайманның құрылысы және оны қайрау мен орнату қағидалары. 1. Металл кесу теориясының негіздері.
2. Станоктардың анықтамалықтары мен паспорттары бойынша кесу режимдерін анықтау қағидалары.
Жеке құзыретіне қойылатын талаптар Дербестігі.
Орындаушылығы.
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы 7222
7222
7222
7222 Автоматтар мен жартылай автоматтарды баптаушы
Қашаушы
Тіс кесуші
Бұранда жонғылаушы
«Металл жабыны және бояу жабдығын баптаушы» кәсібінің карточкасы
Кәсіптің коды 7222
Кәсіптің атауы Металл жабын және бояу жабдығын баптаушы
СБШ бойынша біліктілік деңгейі 3-4
БТБА бойынша біліктілік деңгейі 3-6
Кәсіби білім деңгейі СБШ 3-деңгейі СБШ 4-деңгейі
Негізгі орта білімі немесе практикалық тәжірибесі жоқ жалпы орта білімі базасында жалпы орта немесе техникалық және кәсіби білімі болуы кезінде практикалық тәжірибесі және/немесе кәсіби даярлығы (бір жылға дейінгі кәсіби даярлық бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарының базасында курстар немесе кәсіпорында оқыту). Жоғары деңгейлі техникалық және кәсіби білімі (қосымша кәсіби даярлық), практикалық тәжірибе.
Еңбек функциялары 1) Жабдықтың жекелеген агрегаттарын баптау.
2) Автоматты және жартылай автоматты желілердің агрегаттары мен жабдығын жөндеу.
3) Желілерді баптағаннан және жөндегеннен кейін бөлшектерді сынамалы өңдеу және оларды техникалық бақылау бөлімге тапсыру.
Білігі мен дағдылары СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 3 (біліктілік разряды: 4-5) СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4 (біліктілік разряды: 6)
1-еңбек функциясы. Жабдықтың жекелеген агрегаттарын баптау
1. Жабдықтың жекелеген агрегаттары мен учаскенің жартылай автоматты желілерін баптау бойынша операцияларды (майсыздандыру, шаю, пассирлеу, полимерлеу, дәрілеу, фосфаттау, алюминилеу, анодтау, химиялық өңдеу, хромдау, никельдеу, мыстау, мырыштау, қорғасындау, қалайылау, сырлау, кептіру, лактау, күйдіру; қаптау және сырлауға дайындау үшін металдау, қорғасындау аппараттарын, сырлау пульттерін; жартылай автоматты және автоматты желілер мен қондырғыларды; металлмен қаптау және бояуды бағдарламамен басқаратын манипулятоларды (роботтарды); плазмалық, детонациялық және жоғары сапалы тозаңдандыру құрылғыларын) орындау білігі.
2. Бағдарламамен басқарылатын өнеркәсіптік мани-пулятолардың (роботтардың) қармауыштары мен жекелеген тораптарын баптау дағдылары.
3. Баптау карталарын толтыру мен оқу дағдылары. 1. Металмен қаптау және бояу учаскелерінің автоматты желілерін баптау бойынша операцияларды орындау білігі.
2. Желілерді басқарудың күрделі тораптары мен жүйелерін бөлшектеу және құрастыру дағдылары.
3. Өнеркәсіптік манипуляторларды (роботтарды) баптауды жүзеге асыру білігі.
4. Плазмалық, детонациялық және жоғары сапалы тозаңдандыру қондырғыларын баптау дағдылары.
Білімі 1. Орындалатын жұмыс шегінде пневмогидроэлектрлік автоматика, механика мен электроника негізі.
2. Қызмет көрсетілетін агрегаттар мен жартылай автоматты желілердің құрылысы мен баптау тәсілдері.
3. Қызмет көрсетілетін жартылай автоматты желілердің жабдығы мен механизмдерінің қағидаттық схемалары.
4. Әмбебап және арнайы керек-жарақтарды, ба-қылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен қолданылу қағидалары. 1. Қызмет көрсетілетін автоматты желілердің құрылысы мен баптау тәсілдері.
2. Қызмет көрсетілетін автоматты желілердің жабдығы мен механизмдерінің қағидаттық схемалары.
3. Өнеркәсіптік манипулятолардың құрылысы, олардың жұмысқа қабілеттілігін және жайғасу дәлдігін тексеру қағидалары.
Білігі мен дағдылары 2-еңбек функциясы. Автоматты және жартылай автоматты желілердің агрегаттары мен жабдығын жөндеу
1. Қызмет көрсетілетін агрегаттарды жөндеуді орындау білігі.
2. Қызмет көрсетілетін жабдықтың ақаулықтарын жоюға арналған құрал-саймандар мен керек-жарақтаррды таңдауды жүзеге асыру білігі.
3. Винипласттан жасалған бөлшектерді пісіру және дәнекерлеу дағдылары. 1. Автоматты желілердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету білігі.
2. Арнайы керек-жарақтардың және бақылау-өлшеу аспаптарының дұрыс таңдалуы мен орнатылуын тексеру дағдылары.
Білімі 1. Желіні жөндеу, іске қосу және жұмысын бақылау тәсілдері мен тәртібі.
2. Электролиттердің, өрнектеу және шаю ванналары ерітінділерінің концентрациясы мен температурасын бақылау әдісі.
3. Қызмет көрсетілетін желілердің кағидаттық электр схемалары; автоматты бақылау құралдарының жұмыс істеу қағидаты мен желіге қосу схемалары. 1. Әмбебап және арнайы керек-жарақтардың, жарақтың конструкциялық ерекшеліктері, бақылау-өлшеу аспаптарын реттеу қағидалары.
2. Автоматты желі механизмдерінің жұмыс бары-сындағы өзара әрекеттесу.
Білігі мен дағдылары 3-еңбек функциясы. Желілерді баптағаннан және жөндегеннен кейін бөлшектерді сынамалы өңдеу және оларды техникалық бақылау бөлімге тапсыру
1. Баптағаннан кейін бөлшектерді өңдеу.
2. Жабынды көзбен тексеру.
3. Бұйымды өңдеудің операциялық карталарын оқу білігі.
Білімі 1. Бөлшектер мен бұйымдарды жабу мен бояудың технологиялық процесі.
2. Жабынды тексеру әдісі.
Жеке құзыретіне қойылатын талаптар Үлгілік практикалық міндеттерді шешу.
Білімі мен практикалық тәжірибесінің негізінде іс-қимыл жасау тәсілін таңдау.
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы 7222 Лак бояу жабындарының жабдықтарын баптаушы.
«Слесарь-электрмонтаждаушы» кәсібінің карточкасы
Кәсіптің коды 7233
Кәсіптің атауы Слесарь-электрмонтаждаушы
СБШ бойынша біліктілік деңгейі 3
БТБА бойынша біліктілік деңгейі 2-6
Кәсіби білім деңгейі Негізгі орта білімі немесе практикалық тәжірибесі жоқ жалпы орта білімі базасында жалпы орта немесе техникалық және кәсіби білімі болуы кезінде практикалық тәжірибесі және немесе кәсіби даярлығы (бір жылға дейінгі кәсіби даярлық бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарының базасында курстар немесе кәсіпорында оқыту).
Еңбек функциялары Электр техникалық жүйелердің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету.
2) Тораптар мен аппараттарды құрастыру.
3) Ақауларды анықтау және жою.
Білігі мен дағдылары СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 3 (біліктілік разряды: 2-6)
1-еңбек функциясы. Электр техникалық жүйелердің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету
1. Механикалық және электрлік параметрлердің байланысын сақтаған кезде, жабдықпен жұмыс істеу дағдылары.
2. Қуаттылық жобасына сәйкес жабдықтың, аспаптардың, механизмдердің және қондырғылардың және жүктеулердің жұмыс істеу режимін тексеру дағдылары.
Білімі 1. Орындалатын жұмыс көлеміндегі электр техника негіздері.
2. Электр жабдығын, орнатылатын аппараттар мен аспаптардың схемаларын сынауға арналған техникалық талаптар.
3. Кұрделілігі орташа іске қосу-реттеу аппаратурасы.
4. Электр қозғалтқыштарын орау-тығыздау материалдарын өңдеу тәсілдері (сіңдіру, майлау, пісіру, өру және т.б.).
Білігі мен дағдылары 2-еңбек функциясы. Тораптар мен аппараттарды жинау
1. Әмбебап керек-жарақтарды және құрал-саймандарды пайдалана отырып, қарапайым тораптар мен аппараттарды; арнайы керек-жарақтар мен шаблондарды пайдалана отырып, күрделілігі орта және жоғары тораптар мен аппараттарды құрастыру.
2. Тұрақты және ауыспалы ток электр машиналарын және пісіру аппараттарын монтаждау және орнату.
3. Мыналарды орындау білігі:
- жарық, күштік, дабыл, фидерлік және тарату желілерін тарту;
- кірпіш және бетон қабырғаларда шлямбурмен және пневматикалық құрал-сайманмен ұя салу;
- қолмен және станоктарда сақылауды, бұрғылау, бұрап босату, бұранданы кесу;
- түрлі қимадағы сымдардан жасалған электр схемаларын өру және толықтай корпустарға монтаждау;
- күштік электр құрылғыларға арналған тарату қалқандарының коммутациясы бойынша жұмыс;
- ток күші 1000 А-ға дейінгі қоректендіру станцияларының аппаратурасын орнату және толықтай байланыстыру;
- түрлі құрылғылар мен машиналардағы электр машиналары мен электр аспаптарының күрделі тораптарын монтаждау, құрастыру, реттеу және тапсыру;
- жекелеген тізбектердегі және түрлі қосылыстардағы сымдардың қуаттылығын, кернеуін, ток күшін және кедергісін өлшеу;
- кернеуі 35 кВ-қа дейінгі жоғары вольтты жабдық пен желілерді (іске қосатын және реттейтін аппаратура бар тарату құрылғылары мен жоғары вольтты электр жабдығын) монтаждау және бөлшектеу;
- желілік және ұштық муфталарды бөлшектеумен, ұзартумен және монтаждаумен және кабельді сынаумен траншеяларда, туннельдерде, каналдарда және блоктарда кабель тарту;
- аппаратураны орнату орындарын белгілеу.
Білімі 1. Электр машиналарының, аспаптардың, іске қосу аппаратурасының құрылысы мен қолданылу қағидатын және оларды монтаждауға арналған техникалық талаптар.
2. Электр жабдығын монтаждаудың, машиналарды, агрегаттарды, аппараттарды және электр аспаптарын құрастыру мен орнатудың технологиялық кезектілігі.
3. Жұмыс барысында қолданылатын материалдардың қолданылу мақсаты.
4. Құрастыру мен монтаждау кезінде қолданылатын слесарлық және бақылау-өлшеу құрал-саймандары, керек-жарақтары және аппаратуралары.
5. Дәнекерлеу кезінде қолданылатын дәнекерлейтін затты және флюстерді.
Білігі мен дағдылары 3-еңбек функциясы. Ақауларды анықтау және жою
1. Электр аппаратурасын, сондай-ақ ірі тұрақты және ауыспалы ток электр моторларын құрастыру, орнату және сынау кезінде туындайтын ақауларды анықтау дағдылары.
2. Әмбебап және арнайы бақылау-өлшеу құрал-саймандарын, керек-жарақтарын және аппаратурасын қолдану дағдылары.
Білімі 1. Орындалатын жұмыс көлемінде электртехника негіздері.
2. Электр машиналарының, аспаптардың, іске қосу аппаратурасының құрылысы мен қолданылу қағидаты және оларды монтаждауға арналған техникалық талаптар.
3. Электр машиналарын іске қосу қағидалары, олардың жұмыс істеу кезінде рұқсат етілген жүктеме.
4. Үлгілік практикалық міндеттер, білімі мен практикалық тәжірибесінің негізінде іс-қимыл тәсілін таңдау.
Жеке құзыретіне қойылатын талаптар Дербестігі.
Орындаушылығы.
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы
«Шанақтарды түзетуші» кәсібінің карточкасы
Кәсіптің коды 7231
Кәсіптің атауы Шанақтарды түзетуші
СБШ бойынша біліктілік деңгейі 3
БТБА бойынша біліктілік деңгейі
Кәсіби білім деңгейі Негізгі орта білімі немесе практикалық тәжірибесі жоқ жалпы орта білімі базасында жалпы орта немесе техникалық және кәсіби білімі болуы кезінде практикалық тәжірибесі және/немесе кәсіби даярлығы (бір жылға дейінгі кәсіби даярлық бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарының базасында курстар немесе кәсіпорында оқыту).
Еңбек функциялары 1) Шанақ бөлшектері мен тораптарының бетіндегі ақауларды анықтау.
2) Шанақ бөлшектерін жөндеу.
3) Қаптау бөлшектерін және шанақ тораптарын сырлау үшін түзету.
Білігі мен дағдылары
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 3 (біліктілік разряды: 3-5)
1-еңбек функциясы. Шанақ бөлшектері мен тораптарының бетіндегі ақауларды анықтау
1. Шанақ бөлшектерінің беті мен бұрыштарындағы ақауларды көзбен анықтау білігі.
2. Есептеулер жүргізу және шанақ зақымдануының сипатын салыстыру білігі.
3. Қалпына келтірудің технологиялық маршрутын жасау білігі.
Білімі 1. Жөндеу кезіндегі жұмыстарды орындау тәсілдері.
2. Шанақты қалпына келтіру үшін қажетті тәсілдер, жабдықтар, керек-жарақтар, құрал-саймандар.
3. Пісірілетін бөлшектердегі ішкі кернеулер мен түрлендірулер пайда болу себептері, оларды алдын алу шаралары мен оларды жою тәсілдері.
Білігі мен дағдылары 2-еңбек функциясы. Шанақ бөлшектерін жөндеу
1. Автомобильдің шанақ бөлшектерін бөлшектеу, құрастыру дағдылары.
2. Саңылаулары мен жанасатын жерлерін жетілдіре отырып, автомобильдердің тораптарын, есіктерін қиыстыру дағдылары.
3. Геометриялық формалары мен параметрлерін қалпына келтіру кезінде ойықтар мен тұтас шанақтың қиғаш жерлерін жою дағдылары.
4. Табақ металмен жұмыс істеу дағдылары (түзету, кесу, ауыстыру, қоймалау).
5. Бөлшектерін ауыстыру және қалпына келтірілетін бөлшек қалыбын бере отырып, дайындалған шанақ бөлшектерінен немесе табақ металдан жасалған жөндеу ендірмелерін қолдану арқылы шанақты жөндеу дағдылары.
Білімі 1. Шанақ бөлшектерін толық және ішінара ауыстыру технологиялары.
2. Шанақ цехының өндірістік процестері.
3. Шанақты дайындау технологиясының, шанақты дайындау және жөндеу кезіндегі материалдардың, жөндеуге арналған жабдықтың, жөндеу үшін жарақтың және құрал-саймандардың ерекшеліктері.
Білігі мен дағдылары 3-еңбек функциясы. Қаптау бөлшектерін және шанақ тораптарын сырлау үшін түзету
1. Тегістеу құрал-сайманмен жұмыс істеу дағдылары.
2. Дәнекерлеу мен пісіру жұмыстарын орындау білігі.
3. Қалайылау, балқыту, тегістеу дағдылары.
4. Балқытуға жеңіл автомобиль шанақтарының бөлшектері мен тораптарын дайындау дағдылары.
5. Шанақтың дәнекерленетін жерлерінің бетін қалайылауға дайындау дағдылары.
6. Түзетуге арналған құрал-сайманның көмегімен және қалайы-қорғасынды дәнекерлерді, мастикаларды, пасталарды және полиэфирлі және эпоксидті тегістегіштерді пайдалана отырып, автомобильдер шанақтарының қаптау бөлшектері мен тораптарын бояу үшін түзету дағдылары.
7. Шаблон бойынша тексере отырып, бетін айнадай етіп тегістеу.
8. Үлгілік практикалық міндеттерді шешу, білімі мен практикалық тәжірибесінің негізінде іс-қимыл тәсілін таңдау.
Білімі 1. Автомобильдердің бөлшектері мен тораптарын түзету кезіндегі технологиялық тәсілдер мен олардың кезеңділігі.
2. Жұмыста қолданылатын материалдардың қасиеттері.
3. Шанақтың бөлшектері мен тораптарын балқытуға дайындау қағидалары, ақауларды түзету тәсілдері.
4. Шанақтың бөлшектері мен тораптарын балқыту мен қалайылау тәсілдері.
5. Беттерді тегістеу тәсілдері.
6. Түзетуге арналған құрал-сайманды баптау, түзетуге арналған шаблондарды белгілеу және жасау қағидалары.
7. Тегістеу пасталарының, дәнекерлерінің, пластмассаларының маркалары мен қасиеттері.
Жеке құзыретіне қойылатын талаптар Дербестігі.
Орындаушылығы.
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы
«Диагност-электрмеханигі» кәсібінің карточкасы
Кәсіптің коды Жаңа кәсіп
Кәсіптің атауы Диагност-электрмеханигі
СБШ бойынша біліктілік деңгейі 3
БТБА бойынша біліктілік деңгейі -
Кәсіби білім деңгейі Техникалық және кәсiби бiлiм (орта буын маманы), ортадан кейiнгi бiлiм, практикалық тәжiрибе, немесе жоғары бiлiм.
Еңбек функциялары 1) Бекітілген бағдарламалар бойынша тестілерді жүргізу.
2) Электрондық жүйелердегі керекті параметрлерді баптау.
Білігі мен дағдылары СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 3
1-еңбек функциясы. Бекітілген бағдарламалар бойынша тестілерді жүргізу
1. Тест жүргізу үшін дилерлік жабдықты пайдалану білігі.
2. Тестілеу қорытындылары бойынша үлгі ақауларды анықтау білігі.
3. Автомобильдің электрондық схемаларын оқу дағдылары.
Білімі 1. Автомобильдің электрондық жүйелерінің жұмыс істеу қағидаты.
2. Тест өткізу әдістемелері.
Білігі мен дағдылары 2-еңбек функциясы. Электрондық жүйелердегі керекті параметрлерді баптау
1. Осы автомобильдің электрондық жүйелерінің негізгі параметрлерін баптау білігі.
2. Автомобильдің электрондық жүйелерінің негізгі параметрлерін реттеу дағдылары.
Білімі 1. Автомобильдің электрондық жүйелерінің негізгі параметрлері.
Жеке құзыретіне қойылатын талаптар Қойылған міндетті орындау үшін жауапкершілік.
Нәтижені көздеу.
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы
«Автомобильдерді құрастыру процесінің технологі» кәсібінің карточкасы
Кәсіптің коды Жаңа кәсіп
Кәсіптің атауы Автомобильдерді құрастыру процесінің технологі
СБШ бойынша біліктілік деңгейі 3
БТБА бойынша біліктілік деңгейі -
Кәсіби білім деңгейі Техникалық және кәсiби бiлiм (орта буын маманы), ортадан кейiнгi бiлiм, практикалық тәжiрибе, немесе жоғары бiлiм.
Еңбек функциялары 1) Құрастыру жұмыстарының технологиясының сақталуын бақылау.
2) Аралық бақылайтын тексеру кезеңдерінің орындалуын бақылау.
Білігі мен дағдылары СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 3
1-еңбек функциясы. Құрастыру жұмыстарының технологиясының сақталуын бақылау
1. Құрастыру жұмыстарының технологиялық карталарын түсіну білігі.
2. Құрастыру жұмыстарының технологиялық процесін ұйымдастыру білігі.
3. Көтергіш көлік құралдарымен жұмыс істеу дағдылары.
Білімі 1. Автомобильдің құрылысы.
2. Технологиялық құрастыру желілерінің функциялары.
Білігі мен дағдылары 2-еңбек функциясы. Аралық бақылайтын тексеру кезеңдерінің орындалуын бақылау
1. Бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану білігі.
2. Құрастыру жұмыстары кезеңдерінің уақытылы орындалуын бақылау білігі.
3. Өндірістік ақау жіберілген кезеңді анықтау дағдылары.
Білімі 1. Негізгі бақылау кезеңдері.
2. Негізгі бақылау параметрлері.
Жеке құзыретіне қойылатын талаптар Қойылған міндетті орындау үшін жауапкершілік.
Нәтижені көздеу.
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы
«Мехатроник» кәсібінің карточкасы
Кәсіптің коды Жаңа кәсіп
Кәсіптің атауы Мехатроник
СБШ бойынша біліктілік деңгейі 3
БТБА бойынша біліктілік деңгейі -
Кәсіби білім деңгейі Техникалық және кәсiби бiлiм (орта буын маманы), ортадан кейiнгi бiлiм, практикалық тәжiрибе, немесе жоғары бiлiм.
Еңбек функциялары 1) Автоматтандырылған және роботталған технологиялық желілердің жұмысын ұйымдастыру және бақылау.
2) Автоматтандырылған және роботталған технологиялық желілердің жұмыс істеун қамтамасыз ету.
Білігі мен дағдылары СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 3
1-еңбек функциясы. Автоматтандырылған және роботталған технологиялық желілердің жұмысын ұйымдастыру және бақылау
1. Автоматтандырылған және роботталған технологиялық желілердің жұмысын бақылау білігі.
2. Автоматтандырылған және роботталған технологиялық желілердің операторларының жұмысын ұйымдастыру білігі.
3. Операторлардың жұмысын бақылау білігі.
4. Автоматтандырылған және роботталған технологиялық желілерді монтаждау дағдылары
Білімі 1. Датчиктердің, атқару механизмдерінің құрылысы мен жұмыс істеу қағидаты.
2. Гидропневмоэлектроавтоматика.
3. Робототехника.
Білігі мен дағдылары 2-еңбек функциясы. Автоматтандырылған және роботталған технологиялық желілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету
1. Автоматтандырылған жабдықты баптау мен калибрлеу білігі.
2. Автоматтандырылған және роботталған жабдық авариялық істен шыққан жағдайда шұғыл шара қолдану білігі.
3. Автоматтандырылған және роботталған құрастыру желілерінің жұмысындағы ауытқуларды анықтау дағдылары.
Білімі 1. Автоматтандыру және роботтау жабдығының негізгі сипаттамалары.
Жеке құзыретіне қойылатын талаптар Қойылған міндетті орындау үшін жауапкершілік.
Нәтижені көздеу.
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы
«Баптау және сынау технигі» кәсібінің карточкасы
Кәсіптің коды 3112
Кәсіптің атауы Баптау және сынау технигі
СБШ бойынша біліктілік деңгейі 5
БТБА бойынша біліктілік деңгейі -
Кәсіби білім деңгейі Техникалық және кәсiби бiлiм (орта буын маманы), ортадан кейiнгi бiлiм, практикалық тәжiрибе, немесе жоғары бiлiм.
Еңбек функциялары 1) Ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар.
2) Түрлі жабдық пен жүйелерді іске қосу-баптау жұмыстары.
3) Қолданыстағы нормативтік құжаттарда белгіленген нысандар бойынша актілерді толтыру.
Білігі мен дағдылары СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 5
1-еңбек функциясы. Ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар
1. Жабдықты баптау мен сынауды ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған іс-шараларды әзірлеу дағдылары.
2. Іске қосу-баптау жұмыстарының нәтижелері бойынша ақауларды анықтау үшін жабдықты қарап тексеру дағдылары.
3. Өз міндеттерін орындау барысында басқа өндірістік бөлімшелерімен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету.
Білімі 1. Монтаждау, баптау және сынау жұмыстарын жоспарлау тәртібі мен әдістері.
2. Техникалық құжаттаманы өңдеу және ресімдеу тәртібі.
3. Экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері.
4. Еңбек заңнамасының, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларының негізгі мәселелері.
Білігі мен дағдылары 2-еңбек функциясы. Түрлі жабдық пен жүйелерді іске қосу жұмыстары
1. Іске қосу-баптау жұмыстарын ұйымдастыру дағдылары.
2. Өлшеу аспаптарын, құрал-сайманды және керек-жабдықтарды пайдалану дағдылары.
3. Аспаптарды қосу, қажетті сипаттамалар мен параметрлерді тіркеу дағдылары.
4. Түзетілген жабдықтың және монтаждау жұмыстарының техникалық сипаттамаларының техникалық және жобалық құжаттамаға сәйкес болуын анықтау.
5. Жұмыстар мен жабдықтың ақауларын анықтау, оларды жоюды қамтамасыз ету.
Білімі 1. Жабдықты қарау тәртібі, оның ақауларын анықтау әдістері.
2. Жабдық жұмысының параметрлерін, сипаттамаларын және режимының деректерін өлшеу тәсілдері.
3. Бапталатын және сыналатын жүйелер мен құрылғылардың негізгі техникалық сипаттамаларын, кине-матикалық схемаларының және тораптар мен элементтері құрастырмаларының ерекшеліктері.
4. Жұмыстарды жүргізуге арналған сметаны, жабдыққа, материалдарға, қосалқы бөлшектерге, өлшеу құралдарына және аспаптарға берілетін өтінімдерді толтыру тәртібі.
Білігі мен дағдылары 3-еңбек функциясы. Қолданыстағы нормативтік құжаттарда белгіленген нысандар бойынша актілерді толтыру
1. Алынған нәтижені өңдеу білігі, қажетті техникалық есептеулерді жасау.
2. Актілер мен басқа техникалық құжаттаманы толтыру білігі.
3. Компьютерді міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін көлемде пайдалана білу дағдылары.
Білімі 1. Монтаждау және баптау жұмыстарын жүргізу бойынша нормативтік, әдістемелік және басқа басқарушылық материалдар.
2. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша іс қағаздарын жүргізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету.
Жеке құзыретіне қойылатын талаптар Қойылған міндеттерді орындау үшін жауапкершілік.
Нәтижені көздеу.
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы
«Техник-механик» кәсібінің карточкасы
Кәсіптің коды 3115
Кәсіптің атауы Техник-механик
СБШ бойынша біліктілік деңгейі 5
БТБА бойынша біліктілік деңгейі
Кәсіби білім деңгейі Техникалық және кәсiби бiлiм (орта буын маманы), ортадан кейiнгi бiлiм, практикалық тәжiрибе, немесе жоғары бiлiм.
Еңбек функциялары 1) Автомобиль көлігіне және көліктегі жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
2) Көлік құралдарына диагностика жасау, жаңғырту және модификациялау үшін конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу.
3) Өндірістік учаскеде қауіпсіздік техникасын қамтамасыз